31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне «Нәубет жылдар тарихи» дөңгелек үстел.

«Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР-ның 1993 жылы 14 сәуірдегі заңына сәйкес қуғын-сүргіндерге ұшырағандар жаппай ақталды, қазақ қайраткерлерінің есімдері халқына қайтарылды. Сонда да халқымыздың басынан өткен қасіретін халық жадынан ешкім өшіре алмас. Олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру. Бұл біздің Отанымыздың тарихындағы өзекті мәселе.
Шара барысында «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты слайд және «Тарихтан тағылым- өткенге тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.