21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күніне марапаттау.
21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Бұл күн – қалам сертін қалтқысыз атқарып жүрген ақын-жазушылардың, өнер мен тарих тағылымымен таныстыратын музей қызметкерлерінің, білім бұлағымен сусындатуда көмегін аямайтын кітапханашылардың, мазмұнды қойылымдармен көрерменге ізгілік нәрін сыйлайтын театр және опера әртістерінің, өңірлердегі мәдениет ошақтарында қызмет етіп жүрген өзге де мамандардың еңбегін елеп алғыс айтатын кәсіби мереке. Осындай жауапты қызметтің қазанында қайнап жүрген Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана қызметкерлері де мереке қарсаңында түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтар болсақ кітапхана басшысы Арысбаев Бауыржан Мыңжасарұлы Салалық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасына, кітапхананың дыбыс режиссеры Е.Өтеуов Облыстық кәсіподақ ұйымының Алғыс хатына, кітапхана қызметкерлері П.Қошқарова, Д.Оспанова, А.Серікұлы Облыстық мәдениет басқармасы басшысының Алғыс хатына, А.Бекенова Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасына және кітапханашы-Брайлист, І топ көз мүгедегі А.Нүрлиева Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылдан бастап тағайындаған «Тұран» әдеби сыйлығына ие болды. Әріптестерге зор денсаулық, отбасыларына амандық, шығармашылық шабыт, табандылық пен табыс тілейміз.