«Балаларым–балапандарым» балалар жазушысы Р.Наурызбаевамен кездесу кеші.
Сыр бойындағы тума таланттардың бірі, шығармалары өзіндік ерекшелігімен құнды балалар ақыны Рахат Наурызбайқызы биыл 80 жасқа толып отыр. Осыған орай кітапхананың оқу залында «Балаларым – балапандарым» атты ақынмен кездесу кеші өтті. Шараға №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы түзету мектеп-интернаты және №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернат оқушылары қатысып ақынның өлеңдерін оқып, ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында сұрақтары қойып тұщымды жауаптар алды. Рахат Наурызбайқызы балаларға арнап «Бастау», «Аққозы», «Сергек Серік», «Жан жайлауы», «Ақ батамен өс балам» жыр жинақтарының авторы. Шығармалары татар, қарақалпақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударылып, Қарақалпақстан, Татарстан газеттерінде жарияланған. Сонымен қатар Рахат Наурызбайқызы жүзге жуық әнге мәтін жазған. Шараның мақсаты балалар әдебиетінің қорына сүбелі үлес қосқан алтын жауһарымыздың шығармашылығын насихаттау болатын. Шара өз деңгейінде өтті...