9 мамыр Жеңіс күні және Кеңес Одағының батыры Ә. Молдағұлованың туғанына 100 ж толуына орай «Майдангерлер - шырақшысы ерліктің» атты патриоттық кеш
Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталғанына 79 жыл өтіпті. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Тылдағы әрбір күн соғысқа тең еді. Соғыс ардагерлері көрген зұлматты біз көрген жоқпыз, сондықтан әрбір соғыс ардагері, тыл ардагерлері біз үшін үлкен құрметте. Осы орайда арнаулы кітапханада Сақтапберген Әлжіков атындағы № 144 орта мектептің 9-шы сынып оқушыларымен бірлесіп «Майдангер – ерліктің шырақшысы» атты 9 мамыр Жеңіс күні және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай патриоттық кеш болып өтті. Қазақ қыздары ер азаматтармен бірге қан майданда қатар жүріп ерлікті жақындатты. Батыр қызымыз, әпкеміз Әлия Молдағұлова – мерген, Кеңес Одағының батыры. Жаудың 78 әскерінің көзін жойды. Жауынгерлерді 6 рет ұрысқа бастады. Алайда жас қыз 19 жасында ерлікпен қаза тапты. Ұйымдастырылған кештің мақсаты оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, батырлардың ерлігін насихаттау болып табылады. Шара барысында соғыс жылдарындағы өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Соғысты өртінде құрбан болған аталарымызға бас иіп, тағзым етеміз. Қазақстан елі соғыс жылдарында қайсарлық танатып, ерлік көрсеткен қаһарман ел ретінде тарихта алтын әріппен жазылып қалғаны белгілі. Аспанымыз ашық, еліміз аман болғай...