» » 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Ұланды елдің – ұрпағы қайсар» атты ақпарат сағаты.

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Ұланды елдің – ұрпағы қайсар» атты ақпарат сағаты.

       1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды, 1992 жылдың 7 мамырында Президент Н.Ә.Назарбаев Жарлыққа қол қойды. Бұл Жарлық негізінде, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз қолына алды. Қорғаныс министрі болып генерал-полковник Сағадат Нұрмағанбетов тағайындалды. 2012 жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасының Парламенті мейрамдарға арналған заңды қайта қарап, 7 мамырды мемлекеттік мереке деп таныды. Міне, сол уақыттан бері Отан қорғаушылар күні тұрақты түрде аталынып өтіп келеді. Осы орайда бүгін арнаулы кітапханада 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Ұланды елдің – ұрпағы  қайсар» атты ақпарат сағаты өтті. Шара барысында мемлекетіміздің осы жылдар ішінде жеткен жетістіктері, мақтан етер үлгі болар ерліктері жөнінде ақпарат берілді. Абырой мен міндетті арқалай білген еліміздің еңсесі биік болғай. Әрбір Қазақстан азаматы әскери қызметшілеріміз елдің тұтастығымен  егемендігін қорғау  жөнінде  міндеттерді абыроймен  орындайтынына  сеніміміз  мол.
06 мамыр 2024 ж.. 78
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам