» » Кітапхана ардагері Харис Амруллиннің туғанына 90 жыл толуына орай «Жаны жайсаң азамат» атты еске алу кеші.

Кітапхана ардагері Харис Амруллиннің туғанына 90 жыл толуына орай «Жаны жайсаң азамат» атты еске алу кеші.

Бүгін, арнаулы кітапханада кітапхана ардагері, кітапхананы 1986 жылдан 2000 жылға дейін басқарған Амруллин Харис Әбдуғалиұлының 90 жасқа толуына орай «Жаны жайсаң азамат» атты еске алу кеші болып өтті. Харис Әбдуғалиұлы 1934 жылы 1 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1968 жылы Қызылорда оқу-өндірістік кәсіпорнына директор болып тағайындалып 1986 жылға дейін 18 жыл осы өндірісті басқарған. 1986 жылы Арнаулы кітапханаға директор қызметіне ауысып 2000 жылға дейін 14 жыл осы мекемені басқарған. Осы уақыт ішінде көптеген ірі-ірі шаралар ұйымдастырып, қоғамның, кітапхана жұмысының ілгері дамуына сүбелі үлес қосқан азамат. Шараға ағаның ұлы Марат Амруллин, келіні Рахила Әбілдаева қатысып жылы естеліктер айтты. Х.Амруллинмен бірге қызметтес болған қоғам мүшелері ағайдың адами тұрғыдан биікте тұрған азамат екендігін әңгімелеріне арқау етті. Тау алыстаған сайын биік көрінсе Харис ағай да біздің арамыздан алыстаған сайын тау секілді тау тұлғасы биік болып қала бермек...

03 мамыр 2024 ж.. 79
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам