» » «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» атты мерекелік шара.

«Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» атты мерекелік шара.

      1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында  Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Ассамблея 365  мүшелерінің бастарын біріктіріп отырған біздің ортақ үйіміз. Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан  артық  ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Берекені көздеген ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі  шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы қарсаңында Қызылорданың төрінен Достық үйі ашылды. 11 этномәдени бірлестіктің басын бір шаңырақтың астында біріктірген Достық үйі 2015 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген. Бұл мерекенің мақсаты - ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті  насихаттау. Осы орайда арнаулы кітапхана Қазақ соқырлар қоғамы клуб қызметкерлерімен бірлесіп «Ынтымаға жарасқан туған өлкем – Қазақстан» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Мерекелік шарада әр ұлт өкілдерінің әндері орындалды. Кітапхана қызметкері А.Нүрлиева өзбек әнін нақышына келтіріп орындады. Бірлігіміз ұзағынан болғай, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
01 мамыр 2024 ж.. 102
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам