«Менің қалам, менің көшем, Сенің атауыңда тұрған не бар?» атты библиожорық көше жобасы
Сыр елінің бас қаласы – Қызылорда бүгінде әлеуеті артып, экономикасы өрістеген, мәдени, әрі рухани байлығы кемелденген қалалардың біріне айналды. Қызылорда қаласындағы көшелердің жартысына жуығы кісі есімімен аталды. Олардың арасында батырлар мен билер, жазушылар мен еңбек адамдары, белгілі қоғам қайраткерлері бар. Осы орайда бүгін арнаулы кітапхана оқу залында «Менің қалам, менің көшем, Сенің атауыңда тұрған не бар?» атты библиожорық көше жобасы болып өтті. Шараға қатысушы оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері қаламыздың көшелері мен өздерінің тұратын көшелері туралы жақсы мәліметтер айтты. Кітапханамыз Темірбек Жүргенов көшесінде орналасқандықтан қысқаша тоқталып өтсек. Т. Жүргенов есімі тек қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы – көсемсөз иесі болып тарихта қалды.Ұлттық құндылықтарымыз бен мәдени асыл мұраларымыздың сақталуына тынбай еңбек еткен бірегей тұлға.