» » 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай «Ескерткіштер – ел мұрасы» атты ақпарат сағаты.

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай «Ескерткіштер – ел мұрасы» атты ақпарат сағаты.

       18 сәуір – Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай «Ескерткіштер – ел мұрасы» атты ақпарат сағаты кітапхананың оқу залында өтті. Халықта «Жер, судың аты, тарихтың хаты» - деп бекерден бекер айтылмаса керек. Сыр бойының қойнауы да тарихи ескерткіштерге бай. Жалпы, әлемде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1984 жылдан бері сәуір айының 18-де аталып келеді. Бұл күнді 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен болатын. Ескерткіштер өткеннің келешекке қалдырған аманаты. Оларды қорғап, сақтап және қадір қасиетін жас ұрпаққа таныстырып отыру бәріміздің де парызымыз. Ескерткіш – ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік туынды. Тарихқа көз салар болсақ Сыр бойы да тарихи ескерткіштерге тұнған өлке. Айтар болсақ Сауран, Бестам, Оқшы ата, Жент, Жанкент қалалары бой көтеріп, үлкен мәдени ошақ болғаны белгілі. Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата кесенесі өзі бір төбе. Ұлы Жібек жолының ізі қалған киелі жер. Олай болса барымызды құрметтеп, болашақ ұрпаққа аманаттап кету әрбір жерін, елін құрмет тұтатын азаматтың парызы деп ойлаймыз. 
18 сәуір 2024 ж.. 98
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам