Қоғам қайраткері, КСРО, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ. Сәтбаевтың туғанына 125 ж толуына орай «Қазақ ғылымының атасы» тұлға сағаты.
Биыл ғалым-геолог, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының тұңғыш президенті және академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр. Осы орайда арнаулы кітапханада «Қазақ ғылымының атасы» атты тұлға сағаты өтті. Шара барысында академиктің өмірі мен қызмет жолы туралы жан-жақты ақпараттармен таныстырылды. Шараның мақсаты - қазақтың тұнғыш геологы, академигі, қазақ металлогения мектебінің негізін қалаушы Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми мұрасын насихаттау, ел дамуына елеулі үлес қосқан ғалымның әйгілі тұлғасына оқырмандар назарын аудару.
Академик – бүкіл саналы да салиқалы ғұмырын туған жерінің өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне арнап сол жолда аянбай еңбек еткен, өз бақытын адал еңбегінен тапқан өнегелі өмір иесі. Ұлы тұлғаның жүріп өткен жолы, атқарған игі істері, бойындағы адами болмыс-бітімі, бекзаттығы, азаматтығы, адамгершілігі, әділдігі мен адалдығы, парасат пен пайымы, қайраткерлігі тәуелсіз еліміздің жас ұрпағына мәнгілік үлгі-өнеге болып қала бермек.