«Оқыған бала – бәрінен озық» атты дөңгелек үстел.
2 сәуір - Халықаралық Балалар кітабы күні. Бұл күн әйгілі ертегіші Ханс Кристиан Андерсеннің туған күні. Айтулы күн 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын аталып өтіледі. Осы орайда Арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының кітапханасында бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Оқыған бала – бәрінен озық» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Мақсаты: Халықаралық балалар кітабы күні мерекесінің пайда болу тарихымен таныстыру. Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Көркем әдебиетке деген қызығушылығын дамыту.
Шара барысында балалардың білімін шыңдау мақсатында оқыған кітаптарына талдау жасалып, мақал -мәтелдер мен жұмбақтар жасырып, ойындар ұйымдастырылды. Шараға белсене қатысқан оқушыларға тәттілер таратылды.