» » 26 наурыз Арал теңізі күніне орай «Ата мекен - Аралым» атты ақпарат сағаты

26 наурыз Арал теңізі күніне орай «Ата мекен - Аралым» атты ақпарат сағаты

     Арал теңізі  кезінде планетамыздағы   ең үлкен  теңіз болды. 2014 жылы Шығыс теңізі тартылып, құрғақ құрлыққа айналды. Арал теңізінің деңгейі төмендеген. Қазіргі кезде Қазақстандағы экологиялық   ауыр апат  зардаптарының  салдарынан  Арал теңізі  100 шақырымдай  шегініп кеткені  белгілі. Алайда  Аралды сақтап қалуға  Қызылорда  қаласында  жақында  ҚР Парламенті  Сенатының  депутаттары қатысқан «Су ресурстары  және сумен  қамтамасыз етудің  проблемалары» тақырыбында  кең көлемде отырыс өтті. Соңғы 12 жылда  Арал теңізінің суы  азайып кеткен, егер су  осылай азая  берсе  балықтар қырылып өлі теңізге қайтып келеміз  деді отырыста облыс әкімі Н ұрлыбек Нәлібаев. Міне осы өзекті мәселенің  шешілуіне үлес  қосу мақсатында  арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен  26 наурыз  Арал теңізі күніне орай «Ата мекен - Аралым» атты ақпарат сағаты өтті.
Шара барысында  Арал теңізінің тарихы баяндалып, оқырмандар өз пікірлерімен бөлісті. Ата мекен  Аралымызды сақтап қалу Қазақстанның әрбір азаматының болашақ алдындағы борышы. Сондықтан тіршілік көзінің болашақта жойылып кетпей сақтау керектігін меңзеген шара өз дәрежесінде өтті.
27 наурыз 2024 ж.. 82
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам