» » «Ана – мейірімді нұр» мерекелік шара.

«Ана – мейірімді нұр» мерекелік шара.

Әлемдегі ең асыл жан – Ана. Ана – аяулы мейірімді жан. Осы бір «Ана» деген үш әріптің аясында адамзат баласына қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңізші. Ана – ару, Ана – асыл жар, Ана – көңілдің гүлі. Осы орайда бүгін арнаулы кітапхана және ҚСҚоғамының клуб қызметкерлерімен бірлесіп кітапхана жанынан ашылған «Сырласу клубы» мүшелерінің қатысуымен  8 наурыз -    Халықаралық әйелдер күніне орай   «Ана – мейірімді нұр» атты мерекелік шара болып өтті. Кітапхана директоры Арысбаев Бауыржан Мыңжасарұлы   әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтады.  Шара аясында І-ІІ топ көз мүгедектігі бар қыз-келіншектер арасында дойбыдан жарыс ұйымдастырылып жүлделі болған қоғам мүшелері бағалы сыйлықтармен марапатталды. Аруларға арналған өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Қоғам өміріне белсене араласқан аруларға Алғыс хаттар мен мерекелік сыйлықтар табысталды. Шараға демеушілік жасаған   қоғам мүшесі Тәжібаев Жетес Көпбергенұлы.

06 наурыз 2024 ж.. 101
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам