«Шын жүректен алғыс» атты ризашылық күніне арналған мерекелік кеш.
Алғыс айту күні - ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Бұл күн - бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн - мейірімділіктің, қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі болмақ.
Осы айтулы мереке қарсаңында арнаулы кітапхананың оқу залында «Шын жүректен алғыс» атты ризашылық күніне арналған мерекелік кеш болып өтті.
Мәдени шараның мақсаты - Өз бірлігімізді, бірегейлігімізді сезіну, этностардың бір-біріне деген мейірімін, сыйластығын, тұтастығын одан әрі нығайту.
Шара барысында оқырмандарымыз бір-біріне алғыс айтып, мерекелік ән-шашуға ұласты.