» » Қазақ қоғам қайраткері , инженер-механик , экономика ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы,Ғасыр адамы С.Шаухамановтың туғанына 85 жыл толуына орай «Ел ағасы халықтың панасы» атты танымдық сағат

Қазақ қоғам қайраткері , инженер-механик , экономика ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы,Ғасыр адамы С.Шаухамановтың туғанына 85 жыл толуына орай «Ел ағасы халықтың панасы» атты танымдық сағат

27 ақпан күні Қызылорда облысы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының Шиелі ауданындағы бөлімшесінің ұйымдастыруымен қазақ қоғам қайраткері , инженер-механик , экономика ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы,Ғасыр адамы С.Шаухамановтың туғанына 85 жыл толуына орай  «Ел ағасы халықтың панасы» атты танымдық сағат өткізілді. 
       Мақсаты: Қазақ қоғам қайраткері,саясаттанушы Сейілбек Шаухамановтың  өмірі мен атқарған қызметін оқырман қауымға кеңінен насихаттап, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін,  патриоттық сезімдерін паш ету.  
   Өткен ғасырдың 30-шы жылдары дүние­ге келіп, балалық шағын сұм соғысқа ұрлатып, жа­лаңаяқ, жамау-жамау киіммен, аш құрсақ болып өскен бала ұрпақтан бүгінгі ата ұрпаққа айналу бары­сын қазіргі орта буын өкілдері жақсы біледі деп ойлаймын. Сол буынның ортасында өзінің нар тұлғасымен халық жүгін қажымай көтерген атпал азаматымыз Сейілбек Шаухаманұлы  осы ұзақ, қиын, бейнеті мен зейнеті алма-кезек келген тайталас­ты ғұмырында, даңқ пен дақ­пыртқа бой алдырмай, табиғи мінез қалпын еш өзгертпей, өзі межелеген биікке «ақырын жүріп, анық басып» жетті. Егемендігіміз бен елдігіміздің алғаш қалыптасу барысындағы тар жол, тайғақ кешуде саяси-экономикалық реформаларды тұңғыш ұйымдастырушылардың, мемлекеттігімізді нығай­туға белсенді ұйытқы болған тұлғалардың  бірі  болып, тәуелсіз елдің тұғырын бекемдеуге айрықша ең­бек етті. 
    Осынау өмірі, халқы, өзінің жүріп өткен жолдары қандай қымбат, қадірлі болса, оны қалам ұстап қағазға түсіруде де ерекше еңбек ете білді. Жай ғана қайраткер емес, қаламын да қолы­нан тастамаған көрнекті тұлғаға айналды. «Қайрат­кер», «Бақытыңды бағалай біл», «Парыз бен парасат», «Алтын алма, ақыл ал», «Ер қанаты», т.б. көптеген кітаптар жазды. Ұлт тарихы мен тағды­рына толғанып, өзінен кейінгі буынға өшпес өнеге қал­дырды.Еліміздің дамуына, өркендеуіне зор үлес қосқан ардақты азамат.
   Шара барысында кітапханашы жас оқырмандарға С.Шаухамановтың өмірі мен қызмет жолын кеңінен таныстырып, елге адал қызмет етуге  шақырды.
27 ақпан 2024 ж.. 77
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам