Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, композитор Садық Кәрімбаевқа арналған «Жүрегім өлеңменен тербеледі» атты өнер кеші
Қос жанарынан бірдей айырылып, өзінің табиғат берген дарыны мен өнерінің арқасында өлмес туындыларымен халқының жүрегінен мәңгі орын алған тұлғалардың бірі-Садық Кәрімбаев.
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, композитор Садық Кәрімбаевқа арналған облыстық арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен «Жүрегім өлеңменен тербеледі» атты өнер кеші өтті.
Соғыстан кейін, сол кездегі халықтың жай күйін, өмірі жайында көптеген туынды жарыққа шыққан. Рухты әндерінің мән-мағынасы терең. Тақырыбы сан алуан.
Өнер кешінде композитордың өмір жолы мен еңбектері жайында айтылды. Қазақ өнеріне еңбек сіңірген композитордың туындыларын, әншілік өнерді пір еткен өнерпаздар тыңдарман қауымды композитордың тамаша әндерін нақышына келтіріп орындады.
Дара тұлғаның ән жырлары ел аузында. Бүгінгі ұрпақ мұндай шоқтығы биік туындыларды ерекше мәртебемен шырқайды.