Луи Брайлдың туғанына 215 жыл толуына орай «Әлемді танытқан алты нүкте» атты Брайль жүйесі бойынша жазудан сайыс.
Үстіміздегі жылдың 21 ақпан күні арнаулы кітапханада француз тифлопедагогы Луи Брайлдың туғанына 215 жыл толуына орай «Әлемді танытқан алты нүкте» атты арнайы мектеп бітірген І – ІІ топ көз мүгедектері арасында Брайль жүйесі бойынша жазудан сайыс өтті. Сайысқа қатысушылар «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе - жек» повестінен диктант жазды. Әділ – қазылардың шешімі бойынша І орын – Тілегенов Жасұлан, ІІ орын – Тәжібаева Бақыт, ІІІ орын – Досжанов Жақып иеленсе, қалған қатысушылар ынталандыру сыйлығына ие болды. Сайысқа демеушілік жасаған Қазақ соқырлар қоғамы Қызылорда облыстық соқырлар қоғамы бірлестігінің төрайымының міндетін уақытша атқарушы Байманова Бидайкүл сайысты қорытындылап жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттады.