«Сырлы саусақтар әлемі» зағип азаматтар арасында Брайль жүйесі бойынша сайыс.
Бүгін, арнаулы кітапханада француз тифлопедагогы Луи Брайлдың туғанына 215 жыл толуына орай «Сырлы саусақтар әлемі» атты І-ІІ топ көз мүгедектері арасында Брайль жүйесі бойынша оқудан, жазудан сайыс өтті. Айта кету керек сайысқа қатысушылар арнаулы кітапхана жанынан жұмыс жасайтын Брайль үйірмесінен дәріс алған зағип азаматтар. Сайыскерлер биыл туғанына 100 жыл толып отырған жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 2024 жылы «Жыл кітабы» болып таңдалынып алынған «Менің атым Қожа» кітабынан үзінділер оқып, диктант жазды. Әділ-қазылардың шешімі бойынша Брайлша жазудан І орын – Кенжебеков Ғалымжан, ІІ орын – Күлбаев Құрманғазы, ІІІ орын – Бердібаев Руслан иеленіп, Гүлнар Тасмақова ынталандыру сыйлығын иеленіп, оқудан І орын – Тұрсынкүл Әбілқасымова, ІІ орын – Ағыбаева Жанар ал Омарова Алтынай ынталандыру сыйлығына сай деп танылды. Жүлделі орынға ие болған сайыскерлерге Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Демеушілік жасаған ҚСҚ ҚБ «Қызылорда коорпоративтік қоры, төрайымы Абилова Гүлсім.