«Алаш арыстары» атты кітап көрмесі.
Өлшеусіз құнды байлығымыз – тәуелсіздікті мирас етіп қалдырып кеткен Алаш ұлдарының өзі – тарих пен әдебиеттің бір шыңы. Олардың әрқайсысы туралы сөз қозғап, сыр шертер болсақ, ғұмырлық уақыт жетпейді. Халқымыздың біртуар азаматтары, қатар жайқалып өскен алып тұлғалы үш бәйтерегі – Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтердің ерен еңбектері елі мақтан ететін ұлы тұлғалар.
Осы орайда, облыстық арнаулы кітапхананың оқу залында «Алаш арыстары» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінің мақсаты: оқырмандарға Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күресіп, туған елінің әлемдегі өзге де мемлекеттермен терезесі тең ел қатарында өмір сүріп, дербес ұлттық мемлекет ретінде шаңырағын көтеруді мақсат тұтқан және сол жолға ғұмырларын қиған ұлт зиялылары –алаш арыстарының асыл мұраларымен таныстыру.
Ұлтының жарқын болашағы үшін күресте қуғын-сүргін құрбаны болған жоғары білімді, білікті, қазақтың маңдайына біткен марқасқа ұлдарының көзі тірісінде жарық көрген кітаптар көрмеден көрініс тапты. Кітап көрмесін «Арыстары алаштың», «Алаш рухы» кітаптарымен толықтырды.
Ел тарихында аттары алтын әріппен жазылар, өмірлері ұлағатты өнеге боларлық ұлт зиялыларының есімі мәңгі ұрпақтар есінде сақталары сөзсіз.