» » «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты дауыстап оқу

«Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты дауыстап оқу

Ана тілі – ұлтты ұлт ететін, мемлекетті мемлекет ететін халық мәдениетінің маңызды бөлігі. Ана тілі­міз арқылы біз өзіміздің тарихымызға терең үңіліп, же­ке ұлт екенімізді дәлелдей аламыз. Сонымен қатар, ана тілі – мемлекетімізді әлемге танытатын басты құ­н­ды­лықтардың бірі. Мемлекет үшін тілдің маңызы зор. 

Осы орайда Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының кітапханасында «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты дауыстап оқу кеші өтті.

Қазақ тілінің білім тілі, ғылым тілі болып жүргенін тағы бір дәлелдеген бұл кештің мақсаты ұлттық тіліміздің бүгіні мен ертеңі туралы білім алушылардың дүниетанымын кеңейту еді.

Ана тіліміз, туған тіліміз өзіміз үшін қымбат, асыл дүние. Бұл тіл ақын-жазушы шығармаларына, жырларына арқау болған тіл. 

Шарада мектеп оқушылары: Еркін Жібек, Нұрболат Болатбай, Дошанбекова Арайлым ақындардың өлеңдерін оқып, өздерінің ана тілге деген құрметтерін білдірді.

Шараға белсене араласқан  оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

24 қаңтар 2024 ж.. 82
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам