» » 4 қаңтар Луи Браильдің туған күніне орай "Ол әлемге жүрегімен үңілген" атты кітап көрмесі

4 қаңтар Луи Браильдің туған күніне орай "Ол әлемге жүрегімен үңілген" атты кітап көрмесі

      Жарық дүниені өз көзіңмен көре алмаудан артық қасірет жоқ. Дегенмен бұл қиындыққа мойынұсынбай өз өмірлерін басқа арнаға аударған қажырлы жандар жетерлік. Солардың бірі де бірегейі бүгін туғанына 215 жыл толып отырған француз тифлопедагогы, көз мүгедектерінің күні бүгінге дейін қолданып келе жатырған Брайль алфавитінің авторы Луи Брайльдің туған күні. Луи Брайль 04.01.1809 жылы Францияның Кувре қаласында дүниеге келген. Әкесінің шеберханасында ойнап отырып көзін жарақаттап алып көру қабілетінен айырылады. Алайда ата-анасы Луиды көпшілік баратын мектепке оқытады. Есейе келе арнайы мұғалім жалдап білім алады. Жастайынан алғыр бала енді болашақта көз мүгедектер пайдаланатын алфавит ойлап шығаруды ойластырады. Негізі нүктелі-бедерлі алфавиттің негізін Валентин Гаюий ойлап тапқан болатын. Бірақ Луи Брайлдің нұсқасы көз мүгедектерінің қолдануына ыңғайлы болып күні бүгінге дейін осы алфавит пайдаланылып келеді. Осы орайда арнаулы кітапханада  «Ол әлемге жүрегімен үңілген» атты кең көлемде кітап көремесі ұйымдастырылды. Көрмеге Брайльдің өміріне арналған әдістемелік құралдар Брайль қарпінде жазылған журналдар, кітаптар қойылып келген оқырмандарға таныстырылды. Шара барысында Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы ұйымдастырған «Менің сүйікті кітабым» атты республикалық Брайль жүйесі бойынша эссе жазудан байқауға қатысып белсенділік білдірген кітапхана қызметкері Нурлиева Ақмарал Таспалатқызы, кітапхана оқырмандары Сыдықов Тәжібай және Досжанов Жақыпқа Алғыс хаттары табысталды.
04 қаңтар 2024 ж.. 176
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам