«Тарих тарту еткен Тәуелсіздік» тақырыптық сөре.
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Бұл күн қазақ елінің әрбір азаматы үшін ең маңызды күн. Себебі дәл осы күні күллі әлем Қазақстан Республикасын дербес мемлекет ретінде таныды. Тәңірдің сыйы, бабалардың арманы, аналардың тілегі болған Тәуелсіздік ХХ ғасырдың аяқталар тұсында маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Бүгін осы орайда арнаулы кітапханада «Тарих тарту еткен Тәуелсіздік» атты тақырыптық сөре ұйымдастырды. Сөреге «Тәуелсіздік шежіресі», «Менің Отаным Тәуелсіз Қазақстан», «Менің елім – Қазақстан», «Қазақтың Желтоқсаны», «Біз білмейтін Желтосан» т.б кітаптар мен баспасөз беттеріне жарияланған мақалалар қойылып оқырмандарға таныстырылды.