«Тәуелсіз елім – Қазақстан» кітап көрмесі.
Қызылорда облысы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының Шиелі ауданындағы бөлімшесінің ұйымдастыруымен 16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіз елім-Қазақстан" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмеге "Жыр тұғырым-Тәуелсіздік","Тұлға.Ұлт.Тағдыр","Тәуелсіздікке тарту","Ой түбінде жатқан сөз","Желтоқсан көтерілісі","Ұстаным ұлттық мүдде", "Тәуелсіздік толғауы" т.б кітаптар қойылды. Кітапханашы А.Орынбаева келген оқырмандарға көрмедегі кітаптармен таныстырып,насихаттады. Мақсаты:Оқырмандарды тәуелсіздік алғалы өткен жылдар ішінде жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, туған өлкемізге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
