3 желтоқсан–Халықаралық мүгедектер күніне орай «Спорт – денсаулық кепілі» атты көз мүгедектері арасында дойбыдан жарыс.
Салауатты өмір салтын ұстану, зағип азаматтардың бос уақыттарын пайдалы әрі тиімді өткізу, ұлттық салт-дәстүрлерімізді жаңғырту арнаулы кітапхана ұжымының басты мақсаттарының бірі. Осы орайда бүгін зағип азаматтар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Жарысқа 16 зағип азамат және азаматшалар қатысты. Төрешілердің шешімі бойынша ер азаматтар арасында өткен жарыста І орын Ж.Тәжібаев, ІІ орын Е.Қылышбай, ІІІ орын Т.Дүзбай иеленсе, әйел азаматшалар арасында І орын З.Төлеген, ІІ орында А.Бекжанова, ІІІ орынды К.Дүзбай жеңіп алды. Жүлделі орынға ілінбеген азаматтар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.