» » 3 желтоқсан–Халықаралық мүгедектер күніне орай «Рухы күштілер» атты көз мүгедектері арасында командалық жарыс.

3 желтоқсан–Халықаралық мүгедектер күніне орай «Рухы күштілер» атты көз мүгедектері арасында командалық жарыс.

Бүгін Арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне орай Қалалық Зағиптар қоғамы клубы, Қызылорда облыстық Қазақ соқырлар қоғамының басқармасымен бірлесіп «Рухы күштілер» атты І-ІІ топ көз мүгедектері арасында командалық сайыс болып өтті. 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 3-ші желтоқсанды «Халықаралық мүгедектер күні» деп жариялаған болатын. Міне сол жылдан бастап дәстүрлі түрде аталған шара ұйымдастырылып келеді. Шараның мақсаты: көз мүгедектерінің уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізу, қазақтың ұлттық мәдениетімен өнерін дамыту, салт-дәстүрін дәріптеу.
Жарысқа қаламыздағы №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының ұстазы Абаева Рита Ерталапқызы, «Мереке» вокалды аспапты ансамбль әншісі Шүкіров Айбек, №5 Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының ұстазы Бисембаева Раушан Тұяққызы төрелік жасады. Сайысқа қатысушылар «Беу, қыздар-ай», «Сыр сұлулары», «Мейірім», «Шаңырақ» болып төрт топқа бөлініп, сайыстың шарттары бойынша бақ сынасты. Ереже бойынша 1-ші кезең топтың өз-өздерін таныстырса, 2-ші кезең өнер көрсету, 3-ші кезең мақал-мәтелдер айтудан жарыс, 4-ші кезең «Әуенді тап» болып төртке бөлінді. Жарыс өте тартысты өтті. Қазылар шешімі бойынша «Сыр сұлулары» тобы тапқырлық танытып 1 ші орынды иеленсе, «Беу, қыздар-ай» тобы 2 ші орынды, «Мейірім» тобы мен «Шаңырақ» тобының қатысушылары 3 ші орынмен бөлісті. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды. Шараға демеушілік жасаған Қызылорда облыстық басқарма төрайымының міндетін уақытша атқарушы Байманова Бидайкүл ханымға жарысқа қатысушылар атынан алғысымызды білдіреміз.
12 желтоқсан 2023 ж.. 139
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам