📍 Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 1 ☎️ +7 (7242) 40‒07‒28 ✉️ library@example.kz
Q&A
» » «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқанына орай ақпарат сағаты.

«Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқанына орай ақпарат сағаты.

Бүгінгі таңда  отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттар қоғамды алаңдатпай қоймайды. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында     тиісті профилактикалық жұмыстар жасалуда.Осы  орайда Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға  арналған арнаулы  кітапханасында   «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында  « Отбасында зорлық – зомбылыққа жол жоқ » атты Ақпарат сағаты өтті. Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу -бұл тек мемлекеттің ғана емес,сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті екенін естен шығармауымыз қажет. Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға-тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде,біздер мейірімі мол,қайырымды қоғамды құрып ғана қоймай,зорлық-зомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік. Бейбіт ел, ынтымағы жарасқан халық, үлгілі отбасын құру бәрі де адамның өз қолында.