«Терроризммен күрес – ортақ іс» кітап көрмесі.
Терроризм атты қауіпті әлеуметтік құбылыстың алдын алу және азаматтарды барынша ақпараттандыру мақсатында терроризмнің алдын алу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхананың оқу залында «Терроризммен күрес-ортақ іс» атты кітап көрмесі өтті. Кітап көрмесіне діни экстремизм мен терроризмнің өрістеу проблемалары және еліміздегі діни терроризмге түсіндірме беретін кітапхана қорындағы кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды. Орталық Азия аймағындағы қазіргі «ислам өміріндегі» алуан түрлі құбылыстарды бағалауға және түсінуге арналған. Терроризммен күрес құзырлы орындардың ғана емес, әр азаматтың да перзенттік борышы десек, артық емес. Сондықтан, кітапхана оқырмандары кітап көрмесімен танысып, осы бағыттағы білімдерін шыңдауға шақырамыз.