» » «Кітаппен бірге өсеміз» жоба аясында әдеби кеш.

«Кітаппен бірге өсеміз» жоба аясында әдеби кеш.

       Жаңа Қазақстандық оқушылардың білімін, тәрбиесін, мәдениетін арттырудың ең басты факторы оқу екендігі даусыз. Оқу дегенде әрине, көз алдыңа кітап елестейді. Кітап адамның ой өрісін арттырып, толыққанды дамуына дағдыландырады. Ол – елдің рухани байлығы. Кемеңгер жазушы Ғабит Мүсірепов «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деп оның маңыздылығын атап көрсеткен еді. Осы орайда 29.11.2023 ж. Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітаппен бірге өсеміз» жобасы аясында №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернат оқушыларының қатысуымен әдеби кеш болып өтті. Шарада оқушылар кітап оқудың пайдасы мен маңызы туралы ойларын өлең жырлармен жеткізіп, кітапханашы Зина Бисенова оқушылармен мақал-мәтелдердің жалғасын және  жазушылардың фото суреттерін көрсетіп аты-жөнін табу үшін викториналық сұрақтар қойып, кітапты кім көп оқитынын байқады. Шара соңында мектеп кітапханашысы Гүлмира Ержанова оқушыларды әдеби шығармаларды оқуға мәжбүрлемей, кітап оқуға баулу, кітапқа деген қызығушылығын жоғалтып алмау керектігі туралы өз ойын білдірді. Белснді оқушылар Алғыс хаттармен марапатталып бағалы сыйлықтар табысталды.
29 қараша 2023 ж.. 305
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам