«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» атты кітап көрмесі
Сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.
Осыған байланысты бүгін, Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы мен №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернтымен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» атты кітап көрмесі өтті.
Кітап көрмесіне қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша құқықтық мағлұмат беретін әдебиеттер, мерзімді басылымдарға жарияланған материалдар және сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік – құқықтық актілер: ҚР«Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдары қойылды.
Шараға кітапхана оқырмандары мен мектеп оқушылары қатысты. Көрменің мақсаты: «Сыбайлас-жемқорлық” ұғымын түсіндіру, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, жас ұрпақты келешекте әділдікке, отансүйгіштікке, адал еңбек етуге тәрбиелеу, жемқорлыққа қарсы әрекет ете білуге үйрету.