» » 15 қараша - Ұлттық теңге күніне «Төл теңге төрге шыққан күн» орай дауыстап оқу.

15 қараша - Ұлттық теңге күніне «Төл теңге төрге шыққан күн» орай дауыстап оқу.

Тарихқа көз жүгіртер болсақ ежелгі Қазақстан аумағында ақша бұдан көптеген ғасырлар бұрын пайда болған. Сырдарияда, Отырар алқабында түркі билеушілері, ал Жетісуда түргештер 7-8 ғасырларда өз ақшаларын шығарған. Он төртінші ғасырдың соңынан бастап Қазақстанда Әмір Темір монеталары айналымға еніп,   Қазақстан қалаларында саудада Самарқанд, Бұхара, Ташкент монеталары, негізінен, мыс динарлар пайдаланылды. ХХ-сыншы ғасырда Қазақстан біртұтас рубль аймағына кірді. Бұл 1993 жылдың қараша айына дейін, Қазақстан тәуелсіз ел атанғанға дейін жалғасты.
1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 1993 жылдың 15 қараша  Ұлттық валюта күні болып бекітілді. Төл теңгеміздің туған күнін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы  «Төл теңге төрге шыққан күн» атты тақырып аясында дауыстап оқу өткізді. Шара барысында оқырмандар төл теңгенің шығу тарихы туралы сұрақтар қойып тұщымды жауаптар алды. Ұлттық теңгеміз тарихымызды паш ететін құндылығын жоймасын деген тілекпен шара өз мәресіне жетті.
16 қараша 2023 ж.. 148
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам