«Әлемді жүрегіммен сеземін» 13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне, Қызылорда қаласының 205 жылдығы. және Қызылорда облысының 85 жылдығына орай зағип азаматтар арасында көркем сөз оқу байқауы
Биыл тамыры терең, тарихы кенен, түркі өркениетінің алтын бесігі саналатын қасиетті өлке Қызылорда облысының 85 жылдығыменқатар Сыр елінің бас шаһарына 205 жыл толып отыр. Сонымен қатар 13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне орай Қызылордаоблыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Әлемді жүрегіммен сеземін» атты І-ІІ топ көз мүгедектері арасында облыстық көркемсөз оқу байқауы өтті.
Байқауға №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы түзету мектеп-интернатының оқушылары мен І-ІІ топ көз мүгедектігі бар кітапхана оқырмандары қатысты. Байқауға төрелік еткен республикаға танымал ақын, «Тұран» сыйлығының иегері, Жазушылар одағының мүшесі, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Нұрмаханов Оңталап Дүйсенәліұлы, жырау, фольклортанушы, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің директоры Молжігітов Алмасбек Жақсылықұлы және С.Сейфуллин атындағы ІТ мектеп-лицейінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Шыманова Гүлсезім Алтайқызы.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде І-ші топ көз мүгедегі Есмағамбетова Тұрсынай, 1 орын - №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы түзету мектеп-интернатының оқушысы Мешітбаев Айбол, 2 орын- Петрова Екатерина, 3 орын- Ахатаев Рахымжан және 5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы түзету мектеп-интернатының оқушысы Байтереков Аян иеленді. Байқауға қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Байқауға «Орда зағиптар» қоғамдық бірлестігінің басшысы Бименов Ролан Асқарұлы демеушілік жасады.