15 қазан Ақ таяқ күніне орай « Дүниені жүрек көзімен көремін» атты апталық аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында дойбы ойынынан жарыс
Бүгін 12 қазан күні Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен 15 қазан Ақ таяқ күніне орай « Дүниені жүрек көзімен көремін» атты апталық аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында дойбы ойынынан жарыс өтті. Дойбы – спорт түрі. Бүгінгі күнде дойбы спорттың өзге түрлері арасында елеулі орын алады. Дойбының негізгі мақсаты; ерекше жандардың логикалық ойлау тапқырлығын, ой өрісін дамыту.
Қазіргі таңда дүние жүзінің он үш елінде әр түрлі атаумен, өзіндік ережемен ойналады. Қазақстанда дойбыдан ресми жастар 1935 жылдан бері өтіп келеді. Кейбір деректерге қарағанда дойбы қазақ жеріне 1740 жылдар шамасында келген. 1956 жылдан бастап жүз шаршылы дойбыдан Қазақстан Республикасының чемпионаттары үнемі өткізіліп тұрады, секциялар құрылған. Бұқара арасында дойбы кең таралған. Алдағы уақыттада қарапайым және кемеңгер, тартымды әрі жұмбақ дойбы ойының тарихы жалғаса береді.