15 қазан - Халықаралық Ақ таяқ күніне орай "Жанары сөнсе де өнері сөнбеген" атты кітап көрмесі.
Бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының оқу залында 15 қазан - Халықаралық Ақ таяқ күніне орай "Жанары сөнсе де өнері сөнбеген" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып оқырмандарға таныстырылды. Көрмеге зағип журналист К. Айтбайұлының «Таңбалы тағдырластар», Т.Тәшеновтің «Өтегенов өнегесі», Ж. Сейіловтің «Өнер әлеміне өшпес із қалдырған» атты кітаптары мен дойбыдан алғашқы чемпион Бақ Иманәлиевтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында шыққан "Қамбаштан шыққан жарық жұлдыз" атты әдістемелік құралдар мен Брайль қарпінде жазылған Абайдың қара сөздері, Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай шығарылған «Ұлттың ұлы ұстазы», "Мұқағали – поэзия Хантәңірі" атты әдістемелік құралдармен таныстырылды.