» » «Тифлоқұралдар-мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы мүмкіндік» атты ақпараттық таныстырылым кеші

«Тифлоқұралдар-мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы мүмкіндік» атты ақпараттық таныстырылым кеші

       Бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы және  Қазалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Тифлоқұралдар-мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы мүмкіндік» атты ақпараттық таныстырылым кеші өтті. 
Шараның мақсаты көзі көрмесе де асыл сөздің мәнін білетін көз мүгедектеріне барлық қажетті ақпараттарды жеткізе отырып, мүмкіндігі шектеулі оқырмандары  үшін ақпарат, білім беру, мәдени-рухани сауықтыра отырып, бос уақытын тиімді өткізу  орталығы ретінде кедергісіз  кітапханаға айналдыру.
Кешке Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының қызметкерлері, Қазақ Соқырлар қоғамы Қоғамдық бірлестігінің Қазалы ауданындағы өкілі Қияс Әлімжан мен қоғам мүшелері және  кітапхана оқырмандары қатысып , кітапханашы  Ж.Тілеуова «Саусақ ұшындағы әлем» тақырыбында баяндама жасады. Қоғаммен әрдайым бірге екендігін сезінген зағип жандар шараны ұйымдастырған кітапхана қызметкерлеріне алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
22 қыркүйек 2023 ж.. 140
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам