«Тіл – ұлттың жаны» поэзия кеші
5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілгені баршамызға белгілі. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» екендігін айтып, ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халықының азат тағдыры мен тілі үшін күрескен халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, Алаш арысы, ағартушы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, публицист, педагог, аудармашы – Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты.
Осы орайда Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Тіл ұлттың жаны» атты поэзия кеші болып өтті.
Тілдік мәдениет пен жалпы адами рухани құндылықтарға негізделген қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты, қазақстандық бірегейлікті, өзара түсіністікті нығайту, дамыту, қазақ тілінің мәртебесін биіктету.
Мәдени шарада кітапхана оқырмандары мен оқушылар, ақындарымыздың тілге байланысты жазылған көркем шығармаларынан үзінділер оқып, «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі» атты кең көлемде ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысты.