«Тарих тағлымы не дейді?» Қызылорда обл. 85 ж. орай таным сағаты.
Қазақ халқының тарихында Сыр елiнiң алар орны ерекше. Осы орайда бүгiн Қызылорда облыстық зағип және нашар көретiн азаматтарға арналған арнаулы кiтапханасының ұйымдастыруымен Қызылорда облысының 85 жылдығына орай “Тарих тағылымы не дейдi?” атты таным сағатты өтті.
Сырдария жағалауындағы шырайлы шаhардың өткенi мен бүгiнi тарихта мәңгi алтын әріптермен жазулы қалады. Керегесiн күй көрген, шаңырағын жыр керген шежiрелi өлке тың деректерге толы. Елдiктiң қазығы, ерлiктiң ескерткiшi болған Сыр бойындағы aңыз қала қай кезде де қapғa тамырлы қазақтың астанасы болып қала бермек. Ел бірлігінiң iргесiн қалаған, мәңгiлiк өмiр iздеген абыз Қорқыт ата мазарынaн соққан желге үн қосқан ұлы қобыз сарыны қасиеттi дaлaның бай тарихы тау тұлғалар тарихымен тығыз байланысты.