«Жолдауды жүзеге асыру» атты дауыстап оқу
2019 жылдың 27 қыркүйек күні Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана оқу залында мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың 02.09.2019 жылғы Қазақстан халқына жолдауы аясында
«Жолдауды жүзеге асыру» атты дауыстап оқу болып өтті.
Кітапханашы З.Бисенова Жолдаудың еліміз үшін болашағы жарқын екенін айта отырып, жолдаудың бағыттарына тоқталып өтті. Президенттің алғашқы жолдауында ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату, азаматтық қоғамды қолдау, ішкі істер органдарын реформалау білім сапасын жақсарту, еңбекақы төлемін арттыру басқа да өзекті мәселелер көтергендігін және халықпен тиімді кері байланыс орнату, митингілер туралы заңнаманы жетілдіру, қоғамдық келісімді нығайту бағыттары да халық көңілінен шығып барлығы бір ауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.