«Ойы орамды, сөзі семсер саңлақ» зағип ақын Шөже Қаржаубайұлының туғанына 215 жыл толуына орай өнер сағаты.

Кешке кітапхана оқырмандары қатысып, Шөже Қаржаубайұлының өмір жолы, бала жасынан аурудың салдарынан зағип болып қалғандығы, оның қобыз тартып, өлең айтып ақындық өнерімен елге танылғандығы туралы айтылды. Өзінің асқан шешендігімен, суырып – салма төкпелігімен, көкейкесті мәселелерді қозғап, ел алдында батыл аяусыз әшкерелеуімен кеңінен танымал болған.
Асқақ жыршы, лирикалық дастандарды шебер орындаушы Абаймен кездесіп, халық эпостарын, әндері мен аңыздарын білетіндігімен оған зор ықпал жасап, Шөженің ақындық шеберлігіне жоғары баға берген.
Шөже айтыстарда шынайы сыршылдығымен, өткір тілімен танылған ақын.
Кеш соңында кітапхана оқырмандары Шөже ақынның өлеңдерін оқып, әсем әнге ұласып оқырмандарды бір серпілтіп тастады.