«Кітапхана қызметін пайдаланушылардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету» семинары.
Бүгін, Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен Арал ауданында «Кітапхана қызметін пайдаланушылардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету» атты семинар өтті. Семинарға Қазақ соқырлар қоғамында есепте тұратын І-ІІ топ көз мүгедектері қатысты. Арал ауданындағы көз мүгедектеріне кітапханалық қызмет көрсететін кітапханашы Жаңалық Төлегенова «Брайль жүйесі қазіргі ақпараттық қоғамда» атты тақырыпта баяндама жасады. Семинар барысында түрлі ойындар ұйымдастырылып, кедергілерді еңсеріп өздерінің ептілігін көрсеткен оқырмандар Алғыс хаттармен марапатталды. Өнерлі оқырмандар әр түрлі тақырыптарға шығарған өлеңдерін оқып, ұлттық аспабымыз домбырамен шығармалар орындады. І топ көз мүгедегі Сәбит Әуесхановтың Семей қасіретіне байланысты шығарған өлеңі көпшілікке ой салды. Шаранық негізгі мақсаты өнерлі азаматтарды анықтап олардың шығармаларын шыңдау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамға бейімдеу, қоғамның ажырамас мүшесі екендіктерін сезіндіру.