«Бар мейіріміміз балаларға» 1 маусым – Балаларды қорғау күніне мерекелік шара.
Бүгін, балалардың жазғы демалыс күндерін қызықты әрі тиімді өткізу мақсатында Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бар мейіріміміз балаларға» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға аз қамтылған отбасының балалары қамтылды. Балалар командаға бөлініп спорттың бірнеше түрінен сайысқа түсті. Шараға Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жанұзақов Қуаныш Қуантқанұлы қатысып балаларды мерекелерімен құттықтады.
Жарысқа қатысушыларды қалалық спорт бөлімінің төрешілері саралап жеңімпаздарды анықтады. Балаларға бағалы сыйлықтар мен диплом табысталды. Демеушілік жасаған «Орда зағиптар» қоғамдық бірлестігінің басшысы Бименов Ролан Асқарұлына алғысымызды білдіреміз...