«Өр рухты батырлар» 9 мамыр Жеңіс күніне орай мерекелік шара.

Осы орайда бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы мен Зағиптар қоғамы клубының бірлесіп ұйымдастыруымен 9 мамыр - Жеңіс күніне орай «Өр рухты батырлар» атты мерекелік шара өтті.
Мерекелік шараны арнаулы кітапхана директоры Арысбаев Бауыржан Мыңжасарұлы ашып, кешке қатысушыларды Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, енді ондай соғысты адамзат баласы көрмесін деп тілек білдірді.
Кеште соғыс жылдарындағы жауынгерлерге рух берген әндер шырқалды.