«Бірлігі – бекем, тірлігі – көркем, Мәңгілік ел Қазақстан» 1 мамыр - Бірлік күніне орай мерекелік шара.
Көптеген ұлттардың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгілік жолды нұсқап келеді. Осыған орай бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы мен Қазақ Соқырлар Қоғамы клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ҚСҚ клубында 1 мамыр бірлік күніне орай «Бірлігі – бекем, тірлігі – көркем, Мәңгілік ел Қазақстан» атты мерекелік шара болып өтті. Шараны Қызылорда облыстық ҚСҚ облыстық филиалының төрағасы Бегимов Жанғабыл Қуантқанұлы құттықтап ашып берді. Кітапхананың тұрақты оқырмандары әр ұлттың өлеңдерін оқып, әннен шашу шашты. Мамыр мерекесі елдің бірлігін одан сайын нықтап, сол арқылы қазақтың тірлігінің берекелі болуына жол ашсын деп «Сәулем – ай» әжелер ансамблі әртүрлі ұлт әндерінен папури айтып мерекелік кешті қорытындылады.