» » «Спорт – денсаулық кепілі» мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында дойбыдан сайыс.

«Спорт – денсаулық кепілі» мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында дойбыдан сайыс.

Дойбы – спорт түрі. Дойбы бір жағынан ежелгі, екіншіден жас ойын. Дойбы біздің заманымыздан 2500 жыл шамасы бұрын Мысыр елінде пайда болған. Қазіргі таңда дүние жүзінің он үш елінде әр түрлі атаумен, өзіндік ережемен ойналады. Кейбір деректерге қарағанда дойбы қазақ жеріне 1740 жылдар шамасында келген. деседі. Абайдың атасы Өскенбай, өз әкесі Құнанбай, атақты Кемпірбай ақын және олардың көптеген замандастары да ойнаған деседі. Дойбы тапқырлықты талап ететін ойын. Осы орайда бүгін  Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға  арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Спорт денсаулық кепілі» атты мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында дойбыдан жолдастық кездесу өткізілді. Шараның мақсаты оқырмандардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, есептеуге, тапқырлыққа, тез шешім қабылдауға үйрету, ой өрісін дамыту, жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Шара өте тартысты өтіп, қатысушылардың ұйғарымымен достық жеңді.

27 сәуір 2023 ж.. 201
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам