«Ескерткіштерді қорғау – елдіктің белгісі» 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай дауыстап оқу.
«Жер судың аты, тарихтың хаты» - деп бекерден бекер айтылмаса керек. Тарихи ескерткіштер өткеннің келешекке қалдырған аманаты, ата-бабаларымыздың үзілмей ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатырған салт- дәстүрлерінің нақты көрінісі.
Осы орайда бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен 18 сәуір -Ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Ескерткіштерді қорғау - елдіктің белгісі» атты дауыстап оқу өткізілді. Шараға №8 арнайы санаториялық мектеп-интернатының 6-7 сынып оқушылары мен ұстаздары және қаламыздағы Ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау мекемесі бастығының орынбасары Рашова Динара Жолдасбекқызы мен ғылыми қызметкер Бахрамова Гүлжан Ташмаханқызы қатысып Сыр бойының тарихи, мәдени ескерткіштері туралы мағлұматтар берді. Кітапханашы Пернегүл Қошқарова тақырыпқа сай ұйымдастырылған «Киелі мекен Қызылорда» атты тұрақты кітап көрмесіне шолу жасап, тарихи деректерге тоқталды. Шараның мақсаты ұлттық нақышты паш ететін тарихи ескерткіштеріміздің қадір-қасиетін жалпы көпшілікке таныстыру, қорғау, сол қалпында болашақ ұрпаққа аманаттау...