«Терроризммен күрес – міндетіміз» дөңгелек үстел.
Бүгін, Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен деструктивті ағымдардың алдын алу мақсатында «Терроризммен күрес - міндетіміз» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Шараның мақсаты: Терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатулардың алдын алу, болдырмау.
Қазіргі таңда күнделікті өмірімізде терроризм сөзі үйреншікті терминге айналып бара жатыр. Терроризм дегенде алдымен «Қылмыстың артында кім тұр және неге сондай қылмысқа барды?» - деген сұрақ туады. «Террористер» - дегеніміз кімдер. Олармен қалай күресеміз. Бейбіт өмірде бақытты өмір сүру үшін терроризмнен қалай қорғанамыз? - деген сауалдарға жауап алу үшін Қызылорда облыстық Полиция Департаментінің шұғыл қимыл қызметінің маманы Тұрмаханов Ілияс Нұртайұлын арнайы шақырып аталған сала бойынша тың тақырыптағы сұрақтарға жауап алынды. Шара барысында шұғыл әрекет жасау, жедел іс-қимыл ұйымдастыру тақырыбында видеослайд көрсетілді.
«Экстремизм мен терроризмнің алдын алу – біздің елдің міндеті, сондықтан, азаматтық қоғам өзінің экономикалық және саяси әлеуетін нығайту үшін теорроризм атты зұлыммен бірлесіп күрес жургізу біздің міндетіміз» - деп сөзін қортындылады. Кітапхана басшысы Арысбаев Бауыржан Мыңжасарұлы шараны қортындылап, Ілияс Нұртайұлына алғысын айтып, қызметіне табыс тіледі.