«Арал тағдыры – адам тағдыры» 26 наурыз – Арал теңізі күні ақпарат сағаты.
Арал теңізінің суы шегінуінің салдарынан көптеген тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілік жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерге айналды. Алайда Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қор құрылып қайта қалпына келтіру үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Міне осы өзекті мәселенің шешілуіне теңізге тамшыдай үлес қосу мақсатында біздің кітапханамыздың ұйымдастыруымен «Арал тағдыры – адам тағдыры» атты ақпарат сағаты болып өтті. Шара барысында Арал теңізінің тарихы мен тағдыры тақырыбында әңгіме өрбіп, әр шара қонағы көкейлерінде жүрген ойларымен бөлісті. Шараның тақырыбы айтып тұрғандай Аралдың тағдыры біздің тағдырымыз. Сондықтан тіршілік көзінің болашақта қайта қалпына келеді деген үкілі үмітіміз ақталады деп сенеміз...