«Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы» атты пікір алмасу кеші
2019 жылдың 20 қыркүйек күні Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы» атты пікір алмасу кеші болып өтті.
Кешке №7 арнайы түзету мектеп интернат оқушылары мен кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысып, латын әліпбиіне көшу туралы өз ойларын айтты. Кешті кітапханашы П. Қошқарова ашып латын әліпбиіне көшу жастарымыз үшін дер кезінде қабылданған шешім және балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне септігін тигізері сөзсіз.Сөз кезегі № 7 мектеп мұғалімдері Г.Қалиева ,Л. Нұрылдаеваларға беріліп латын әліпбиі туралы пікірлерін айтты.