«Амал келді, жыл келді» мерекелік шара.
Наурыз табиғат ана мен жер бетіндегі пенде атауның үндесуі, тоқшылық пен молшылық, татулық пен достықтың, жаңашылдық пен ізгіліктің мерекесі. Осы Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында «Амал келді, жыл келді» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараға қатысушы оқырмандар ұмыттылған салт – дәстүріміз туралы еске түсіріп, тарихынан сыр шертті. Қазағымыздың ұлттық тағамдар жасалынып қонақтарға ұсынылды. Шара кішкентай оқырмандарымыз бен өнерлі жастардың концерттік бағдарламасына ұласты.