«Ана – гүл, Ана – жыр, Ана – өмір шуағы» мерекелік шара.
Әлемдегі ең асыл жан ол Ана десек жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда болмасын құрметке лайық. Осы орайда Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналаған арнаулы кітапханасы Қазақ соқырлар қоғамы клубы қызметкерлерімен бірлесіп 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – гүл, Ана – жыр, Ана – өмір шуағы» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Шараны Қазақ Соқырлар Қоғамы ҚБ Қызылорда облыстық филиал төрайымы Эльмира Үсенова ханым ашып қыз-келіншектерді мейрамдарымен құттықтап жылы лебізін білдірді. Шара соңы қоғам жігіттерінің ұйымдастыруымен нәзік жанды аруларымызға арналған концерттік бағдарламаға ұласты.