«Алғыс айту асыл қасиет» атты 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай мерекелік шара.
Бүгін, Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының «Коворкинг» орталығында «Алғыс айту асыл қасиет» атты 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай мерекелік шара болып өтті. Шараға қатысушылар зағип ақындар Досжанов Жақып Шаханұлы мен Абилова Гүлсім Серікбайқызының шығармашылығымен танысып, жас оқырмандардың тебірене оқыған өлеңдерін тыңдады. «Жүректен шыққан жырлар» атты тақырып аясында ұйымдастырылған шарада Жақып Шаханұлының «Қазақстан», «Аналар мәңгі жасасын» атты өлеңдерін Суюндыкова Айнамкөз бен Құлдүйсенова Меруерт оқыса, Гүлсім Серікбайқызының «Зағиптар» және «Түндер» атты өлеңдерін Петрова Екеатерина мен Нүрлиева Ақмарал нақышына келтіріп оқыды. Досжанов Жақып «Қайран жастық» атты шығармасын домбырамен сүйемелдеп орындап берді. Шараға қатысушылар Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.